Қорғаныс министрінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Аягөзде қайтыс болған офицер деректер айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл офицер 2 жылға әскерге шақырылған. 6 қыркүйекте гарнизондағы қаржы бөліміне офицер лауазымына тағайындалған. Көшіп келуіне байланысты берілетін арнайы төлемдер, жалпы барлық ақша төленген. Жұмыстан кейін өзінің үйіне барып, сондай жағдай жасаған.
Оның келгеніне көп болмағандықтан әскери қызметтің қиындығын да көріп үлгермеді деп ойлаймын. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа ақпарат бере алмаймын, – деді генерал-майор ОКҚ-да өткен брифингте.
ПІКІР ЖАЗУ