Алматыда бірнеше жолаушы автобус жүргізушісін соққыға жыққан

Видеодан скриншоттар

Әлеуметтік желіде Алматыдағы жолаушылар автобустарының бірінде бірнеше ер адамның төбелесіп жатқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, оқиға 19 қыркүйекте кешкі уақытта болған: адамға толы автобуста үш ер адам жолаушыға шабуыл жасап, оны ұра бастаған, содан кейін олар басқа жолаушыларға ауысқан. Жүргізуші араша түсу үшін автобусты тоқтатып, салонға кіреді.

Видеода бір ер адам жүргізушіні тамағынан қылқындырып, онымен бірге көліктен құлағанын көруге болады. Тағы екеуі жүгіріп барып, жүргізушіні тепкілейді. Осыдан кейін үш қаскүнем қашып кетеді.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, видеоға түсірілген оқиға бойынша Жетісу аудандық ішкі істер бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.

«Жанжалға қатысушылардың жеке басы мен оқиғаның алдын ала мән-жайы анықталды. Олардың әрқайсының әрекетіне құқықтық баға беріледі», — деді полицияда.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит