Астаналықтар жақсы жаңалықты естиді: LRT не болып жатыр?

kolesa.kz

Астанада жеңіл рельсті көлікке (LRT) арналған тіректерді салу жұмыстары аяқталды. «City Transportation Systems» ЖШС ұзындығы 22 шақырымға жуық учаскеде жобада көзделген барлық 799 тірек тұрғызылды , деп хабарлайды ozgeris.info.

Құрылысқа 2,5 мың адам тартылып, тіректерді құю үшін 53,7 мың текше метр бетон және 42 мың тонна арматура пайдаланылды. Әр тіректің төменгі бөлігінің ені 2 — ден 2,4 метрге дейін, жоғарғы жағы 6,8 метрге дейін, ал олардың биіктігі рельефке байланысты 5-тен 18 метрге дейін өзгереді. Бір тіректің орташа салмағы 200 тоннаға жетеді.

Құрылыс үшін су электр станциялары, метрополитендер және ауыр өнеркәсіп кәсіпорындары сияқты стратегиялық маңызды нысандарда қолданылатын В45 класты бетон пайдаланылды.

Бұған дейін 2024 жылы LRT жобасына 28,4 миллиард теңге бөлінгені хабарланған болатын. Бұл қаражат рельстер жасауға, пойыздарды сатып алуға және станцияларда электр және сумен жабдықтау жүйелерін орнатуға бағытталған.

Ақпарат zakon.kz сайтынан алынған.