Белгілі блогер, «Елдос колобок» атымен танымал Елдос Қадырханов НТК телеарнасының «Taboo» бағдарламасына берген сұхбатында бала сүйе алмай жүрген себебін айтты, деп хабарлайды Оzgeris.info тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Блогердің айтуынша, оған дәрігерлер балалы болу мүмкіндігінің аз екенін айтып, диагноз қойған екен.
«Дәрігердің алдына барғанымда маған бала сүйе алмайсың деді. Белгілі бір диагноз қойды. Мұның бәрі менің уақытында емделмегенімнің кесірінен болды», — деді блогер.
Сонымен қатар, блогер сұхбат барысында өзінің жақын досы үшінші баласын дүниеге келмей жатып өзіне беруге ниет еткенін айтты.
«Досым келіп, маған үшінші баламызды сендерге берсек деген ниетін білдірді. Ол маған дүние емес, ұрпағын бергелі отыр. Содан мен отбасыммен ақылдастым. Әулеттің үлкендері маған «не баланы, не досыңды таңда» деді. Яғни, баланы алатын болсаң, досыңнан алшақтауың керек деді. Өйткені сол бала арқылы ертең араларыңда түсініспеушілік пайда болатынын ескертті. Сонымен, ойлана келе мен досымның ұсынысынан бас тарттым. Қазір ол бала менің кіндік балам. Есімі – Елдос. Мінез-құлқы өзіме ұқсайды», — деді Елдос Қадырханов.
ПІКІР ЖАЗУ