Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram-дағы парақшасында өнердегі ағасы Сәкен Майғазиевпен қол беріп амандаспайтынын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Оның мұндай әрекетке баруына желі қолданушыларының ұрысы әсер еткен.
«Ассалаумағалейкум! Алдында бір видеода Сәкен ағам қолымнан ұстап биік текпешектен каблукпен төмен түсуіме көмектескені түсірілген еді. Сонда біразы “ер әйелдің қолынан ұстамауы керек!” деп ұрысып еді. Енді осылай алыстан амандасатын болдық!? Дұрыс па? Бұрыс па? Қалай өзі? Сіздер, ер мен әйел қалай амандасыздар? Бет сүйісіп, құшақтасып қой, иә?», — деп жазды әнші.
ПІКІР ЖАЗУ