«Өмірмен қоштасып жатқан едім». Әнші Мақпал Жүнісова тағы бір құпиясын ашты

Фото: ашық дереккөзден

Көпшіліктің сүйікті әншісі Мақпал Жүнісова қатты күйзеліске түскенін айтып, оқырманымен сырласқан еді. Бүгін өнер иесі тағы бір құпиясын ашты, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Malim.kz сайтына сілтеме жасап.

Әнші өзіне арнап Бақыт Қалибек есімді ақын шығарған арнауды бөлісіп, желі қолданушыларының қолдауына ие болды.

«Сіздердің қолдауларыңыз жамандықтан сақтады. Өмірмен қоштасып жатқан едім. Көрер күнім бар екен. Кешіріңіздер, жақсыларым», — деп жазды Мақпал Жүнісова.

Өнер иесі қиын сәтте қолдап, жылы сөздерімен демеу берген оқырмандарына алғыс айтты.

«Еңсеңіз түспесін, Мақпал апай. Халқыңыз сізді жақсы көреді», «Мақпалжан! Бәріміздің ойымызды жеткізіпті. Мәртебең әрқашан үстем болсын. Елің қаншалықты жақсы көретініне көзің жеткен шығар. Сүрінбе, құлама, адаспа, тура бас!», — деп жазды желі қолданушылары.