«Үйінде алты бала бар»: СҚО-да оқушы қызын жарақаттаған әйел ана құқықынан айырылды

Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында үй тапсырмасын орындамаған қызына анасы пышақ сұғып алған. Бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкіл оқиғаның мән-жайын баяндады, деп хабарлайды Оzgeris.info тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Сұрағанованың айтуынша, 11 жастағы қыз бала үй тапсырмасын орындамай, дәптерге дұрыс жазу жазбаған. Анасы соған ашуланып, оған жекіген. Артынша өз қызының санына пышақ сұғып алған.

«Қазір баланың жағдайы жақсарды. Облыстық балалар ауруханасында жатыр. Оның ата-анасы алты бала өсіріп отыр, ата-әжесімен бірге тұрады», — деп жазды ол.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті осы оқиғаға қатысты ресми мәлімет таратты. Әкімдік пен комиссия ананы қалған балаларынан шеттету туралы шешім қабылдаған.

«Кәмелетке толмаған бала ауруханада жатыр. Оған психологиялық көмек көрсетеміз. Білім басқармасы арнайы комиссия құрды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы мен әкімдік ананы қалған балаларын үйде тәрбиелеуден шеттету туралы шешім қабылдады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», — деп хабарлады комитет.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...