«Ондай әке болғанша, жоқ болғаны артық». Белгілі әнші еркектер қауымына ренішін айтты

Фото: видеодан кадр

DOPE SOZ YouTube арнасындағы подкастта Ninety One тобының әртісі Zaq еркектер қауымына ренішін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол кішкентай кезінде достарының көбінде әкелері болмағанын, немесе араққа құмар болғанын айтты:

Қазбалап қараған кезде, еркектер қауымына деген іштей көңілім қалып қалған кішкентай кезімнен. Неге? Мектептегі сыныптастардың, араласатын балалардың арасында көргенімде, көбісінде не әкелері жоқ, мүлде жоқ, аналары жалғыз, кейде апалары, аталары жалғыз балалар. Немесе әкелері бар, бірақ алқаш. Күнде ішеді, ұрады, тебеді, үйлерінде күнде хай-вай… Мен кішкентай кезімде ойланатынмын, «Осы менің әкем қайда?» деген сияқты сұрақтар қоятынмын, бірақ ол жайлы көп сөйлеспейтінбіз. Ал дос балалардың үйіне барғанда, әкелері ішіп отыратын… Күндіз, тапа-тал түсте ішіп алып жататын. Сен үйде ойнап жүресің, өйткені олар үйреніп кеткен. Сол үшін достарын үйге шақырып алып, ойнап жүре береді. Мен кейбір әңгімелерді естіген кезде, олар қалай ұратынын, немесе көшеде біреумен төбелесітінін естігенде, осындай болғанша оның жоқ болғаны артық деп ойлайтынмын,- дейді әнші.

@dopesoz Толық шығарылым Dope Soz Youtube арнасында #dopesoz #zaq #ninetyone #eaglez ♬ apathy — Øneheart