Қазақстандық балуан қыз әлемнің үздік 10 дзюдошысы қатарына кірді

Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) рейтингінде үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ғалия Тынбаева 48 кг салмақ дәрежесіндегі рейтингте 12-орыннан 10-орынға көтерілді. Оның еншісінде 3779 ұпай бар. Ал осы салмақтағы тағы бір қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова рейтингтегі бұрынғы орнын сақтап қалды. Ол 5778 ұпаймен 4-орында тұр.

Айта кетейік, жақында Ғалия Тынбаева Загребте (Хорватия) өткен Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанған еді. Ол финалда жапониялық Вакана Когаға есе жіберді.

Биыл мамырда Тынбаева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam турнирінің чемпионы атанды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...