ФИФА Біржан Оразовты ХХІ ғасырда ең жылдам гол соққан футболшы деп таныды

Фото: instagram.com/Orazov17

ФИФА Біржан Оразовтың жеті секундта соққан голын ең жылдам гол деп таныды, — деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл көрсеткіш ХХІ ғасырдағы футзал бойынша әлем чемпионаттарында тіркелген голдар бойынша есептелген.

Оразов Испания құрамасына қарсы матчта есеп ашып, 1:1 есебімен тең ойнауға көмектесті.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы — Ливия құрамасы. Кездесу, 18 қыркүйек күні өтеді.