Жетісу обылысының тұрғыны ауыл әкімін түнде үйіме рұқсатсыз кіріп, тиіспек болды деп айыптады. Бұл туралы ozgeris.info Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желіде жәбірленуші әйелдің оқиғаның мән-жайын баяндап берген видеосы пайда болды. Төрт баланың анасының айтуынша, әкім үйге түнгі сағат екіде терезе арқылы кірген.
«Балалармен диванда ұйықтап жатқанымда, біреу киімімді шешіп жатқанын сездім. Оянсам жанымда біреу отыр екен, алғашында күйеуім шығар деп ойладым. Бірақ күйеуім Текеліде еді, ұйықтар алдында ғана сөйлескенмін. Анықтап қарағанда қасымда әкімнің отырғанын көрдім, мен шошып кетіп, жүгіріп жарықты жақтым. Ол есікке қарай жүгірді, есік кілттеулі болғандық біраз аша алмай тұрды, есік ашылғанда дәлізде тағы бір әкімдік қызметкері тұрғанын көрдім”, – дейді әйел.
Жетісу облысында бейтаныс ер адам кішкентай қызға тиіскен: Полиция бүлдіршін мұны «ойдан шығарды» деп сенбеген.
Қазір әкім мен оның сыбайласы сот алдында жауап беріп жатыр. Іс Ақсу аудандық сотында қаралуда. Қазір сот әйелдің шағымы бойынша істі қарап жатыр. Алайда әйел істің «өзгенің үйіне рұқсатсыз кіру» деген айыппен қаралып жатқанына наразы екенін айтты.
«Ақсу аудандық сотында “тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу” бабымен айыпталған Р мен К-ға қатысты қылмыстық іс қаралуда. Бірінші сот отырысы 9 қыркүйекте өтті. Бүгін екінші отырыс», – деді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрсұлтан Орынбасаров.
ПІКІР ЖАЗУ