«Неге тоқтатамыз»: Мұхтар Мағауин көп әйел алуға қатысты ойын айтты

Әлеуметтік желіде журналист Ләззат Мырзаштың жазушы Мұхтар Мағауинмен шағын сұхбаты жарық көрді. Онда қаламгер көп әйел алуға байланысты ойын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Мен көп әйел алу туралы бәрінен бұрын, 1993 жылы «Лениншіл жасқа» мақала  жазғанмын. «Бір отбасы, бір үйелмен» деген. Аламын деген адам ала берсін. Мысалы, Еуропада әйелге әйел, еркеке еркек үйленіп жатыр. Неше түрлі былық. Бұл табиғи нәрсе. Егер бірнеше әйел бір еркекке тиігісі келсе неге біз тоқтатамыз?!  Әйелді әйел алып жатқан жоқ қой. Зайырлы мемлекет болғандықтан, конституция бойынша рұқсат жазылмайды. Бірақ, мұны заң жүзінде қудалауға болмайды», – деді жазушы. 

Айта кетейік, Мұхтар Мағауин қазір Түркияның Кемер қаласында тұрады.