Маңғыстау облысында төбелес соңы атысқа ұласқан

төбелес
Фото: freepik.com

Желіде Маңғыстау облысында төбелеске қатысуылар аңшы мылтығымен атысқаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл оқиғаға облыстық полиция департаменті өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ведомство мәліметінше, оқиға Сайын Шапағатов ауылының шетінде болған. Бес жігіт төбелесіп, төбелеске қатысушылардың екеуі шолақ мылтықпен оқ жаудырған. Ешкім ауруханаға түспеген.

Маңғыстау облысының полиция департаменті бұл жайтқа түсінік берді.

«Оқиғаға қатысушылар анықталып, күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайтынын атап өтті.