24 ақпан күні Нұр-Сұлтанда Еуразия үкіметаралық кеңесі өтті. Жиынға келген РФ үкіметінің төрағасы елімізде халықаралық орыс тілі орталығын ашу жайлы келісіп кетті деп хабарлайды ozgeris.info порталы Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Михаил Мишустин бұл қадамды әлемде 250 миллион адам орыс тілінде сөйлейтінімен түсіндірген.
Осылайша Қазақстанда орыс тілін дамыту орталығын ашу туралы келісімге қол қойылғаны хаттамада көрсетілген. Сондай-ақ, Мәскеуде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы жұмыс істемек.
Атап өтерлік жайт, кеңестің ресми қорытынды құжаттары арасында бұл уағдаластықтар туралы ештеңе айтылмаған.
ПІКІР ЖАЗУ