Ақтөбе облысында полиция қызметкерімен жанжалдасып, уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен ер адам жаңа үкім шықты. Бұл туралы Ozgeris.info тілшісі “Диапазон” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өткен жылдың сәуірінде 20 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны Илья бұзақылық жасап, уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткені үшін 3 жыл 3 айға сотталған. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін қашқын жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің №8 мекемесіне өтеуге жіберілді.
Мекемеде ол қауіпсіздік бөлімінің жедел қызметкерімен қақтығысқа байланысты тағы жаза арқалады. Ол жеке тінту кезінде қызметкердің әрекетін ұнатпай, шынтағымен иығынан ұрып, кейін балағат сөздер айтып, соңында погондарын, бейнетіркегішін жұлып алып, оларды таптай бастаған.
Сотталушыға қатысты «Мекеме қызметкеріне күш қолданамын деп қорқыту» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақтөбенің қылмыстық істер жөніндегі сотында іс қаралды. Айыпталушы қызметкердің өзі бірнеше рет аты-жөнін сұрап, оған дөрекі сөйлегенін алға тартты.
“Тұтқынның агрессивті мінез-құлқына байланысты наряд шақыруға мәжбүр болды. Сот жас сотталушыны ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, уақытша ұстау изоляторынан қашқаны үшін өтелмеген жазасын ескере отырып, ақыры оны төрт жыл алты айға бас бостандығынан айырды», – делінген хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ