«Күйеуі 81-де». 27 жасында неміс миллиардеріне тұрмысқа шыққан атыраулық ару туралы не белгілі

Фото: Алина Кузняткинаның әлеуметтік желісінен

27 жастағы атыраулық Алина Кузняткина 81 жастағы неміс миллиардері Хорст-Дитер Эшқа тұрмысқа шықты, — деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ерлі-зайыпты бірнеше ай бұрын заңды некеге тұрып, жақында олардың қызы өмірге келген. Миллиардердің тұңғыш қызы 1971 жылы туған.

Қазіргі таңда ерлі-зайыпты Мексикада тұрады, АҚШ-та жылжымайтын мүліктері бар. Кәсіпкердің өзі Германияда туған.

Алина тұрмысқа шыққаннан кейін достарымен араласуы сиреп, енді ол тек күйеуінің ортасындағы адамдармен араласатын көрінеді. Ата-анасы оның таңдауына қарсы шықпаған. Қазіргі таңда ол жеке өміріне қатысты пікір білдірмейді.

Алинаның ата-анасы киім дүкенінің иесі.