«Өлсе, жатып алып мақтайсыздар»: Алмат Сақатов Жүнісованың қадірін тірісінде білуге шақырды (ВИДЕО)

Фото: ozgeris.info

Актер Алмат Сақатов әлеуметтік желідегі парақшасында Мақпал Жүнісоваға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.

«Менен Мақпал апай жайында не айтасыз деп сұрайды. Мықты адам. Ол кісінің көтерген жүгін сен көтере алмайсың. Ол кісінің көргенін сен көрген жоқсың. Қазақтың ерке қызы еркелеп әңгіме айтқан шығар. Ал ол кісіні сөгіп, оған баға беретіндей біз кімбіз? Ертең дүниеден өтіп кетсе мақтайсыздар ғой. Ойпырмай, жақсы кісі еді деп істеген істерін айтасыздар. Сондықтан да өнерде үлкен орны бар, қазақ десе ішкен асын жерге қоятын мықты жан. Сіздердің ойларыңыз өздеріңізде», — деді ол.

Актер осы оқиғаға қатысты ақтөбелік ақынның өлең жолдарын мысалға келтірді.

«Тірінің қамын тірі жер,

Тірілер бірін-бірі жер.

Тірлікте қашқан қадірің

Өлгенде ғана білінер», — деп актер ақын Ершат Қайболдиннің өлеңін мысалға келтірді.

Ал Сақатовтың оқырмандары болса, бұл сөзіне түрлі пікір жазды.

Watch on TikTok


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)