Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабының 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс қаралды.
«Т. өз кінәсін мойындап, қатаң жаза қолданбауын сұрады. Жәбірленуші жыныстық қатынастың ерікті екенін түсіндіріп, қылмыс жасаған кезде К. кәмелетке толмағандықтан бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады», — делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сотталушынының кінәсі өзінің мойындауымен, жәбірленушінің, куәлардың берген жауаптарымен, сараптама қорытындысымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.
Сотта түсіндірілгендей, қылмыс орташа ауырлық санатына жатады және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны да қарастырады.
«Қылмыс жасаудың мән-жайын және қылмыс жасаған кездегі кәмелетке толмаған жасын ескере отырып, Қ.-ға ҚК-нің 81-бабына сәйкес 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға ауырлығы орташа қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру тағайындалмайды», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, айыпталушы К. 2 жыл мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
ПІКІР ЖАЗУ