Блогер Ақбота Әнуарбек желіні тағы да жарды. Бұл жолы ол тұрмысқа шыққаннан кейінгі өмірдің қандай болуы керектігі туралы айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ақботаның сөзінше, тұрмысқа шыққан әрбір қыз-келіншектің арасында барып, демалып қайтатын жеке пәтері болуға тиіс.
«Тұрмысқа шыққан кезде мен бөлек пәтерде тұратын едім. Неге? Еркек сенен жалығып кетпеуі керек. Сағынысып, көрісу керек. Дефицит тудыру керексің, сені қалайтындай, күтетіндей. Қасына отырып алып, быт-шыт болып, жаман халатпен, шашың май-май болып күтінбей, бәріне ашулы, баладан өшін алатын әйел болмай, «шаршадым ба, кеттім үйіме» деп жалғыз өзім барып, демалып келіп, күшті болып күтім жасап қайтадан келуші едім», — деді блогер.
ПІКІР ЖАЗУ