V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші күні Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына 25 медаль әкелді. Олардың ішінде 14 алтын, 3 күміс және 8 қола, деп хабарлайды ozgeris.info.
Азиялық үлгідегі жамбы ату жарысында қазақстандық спортшылар үш жүлдеге ие болды: алтын, күміс және қола. Дәстүрлі садақ ату сайысында тағы бір алтын және екі қола медаль жеңіп алынды.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен біздің құраманың 8 алтын жүлдесі бар. Сонымен қатар, күрес турнирінде біздің спортшылар бір алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Мас-рестлинг жарысында құрама қоржыны екі қола жүлдемен толықты. Тағы бір спорт түрінен — аударыспақтан қазақстандық қатысушылар жоғары үлгідегі үш медаль жеңіп алды. Ертең біздің спортшылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдесі үшін тағы да күш сынасады.
ПІКІР ЖАЗУ