Президент шенеуніктердің жалақысын көтеруге тыйым салды

Фото: cbsnmr.ru

Қырғызстанда президент Садыр Жапаровтың жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің жалақысын 2026 жылға дейін арттыруға мораторий енгізілді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

24.kg жазуынша, тиісті құжат үкіметтік «Эркин-Тоо» газетінде жарияланған.

«Жарлықпен мемлекеттік ведомстволар, комитеттер қызметкерлерінің, өңірлердегі Президенттің уәкілетті өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті әкімшіліктердің шенеуніктерінің жалақысын көтеруге мораторий енгізілді».

Сонымен қатар, 2026 жылға дейін елде мемлекеттік органдардың штатын кеңейтуге тыйым салынады.

Құжатта ерекше жағдайларда шектеулер алынып тасталуы мүмкін деген ескерту бар.

Бірақ қандай да бір ведомство қызметкерлері санының өзгеруі және шенеуніктердің жалақысын арттыру республика басшысының арнайы шешімі негізінде ғана жүргізілетін болады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!