ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Олжас Бектенов Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты істің мән-жайы туралы айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
«Қазақтелекомның» қаражатын жымқыру фактілері бойынша іс қозғалды. Сома белгіленді, бірқатар эпизод бар. Тиісті сараптамалық зерттеуді жүргізгеннен кейін біз нақты соманы міндетті түрде хабарлаймыз. Бірақ миллиардтаған сома бар деп айта аламын»,– деді ол.
Сондай-ақ басшы Қайрат Сатыбалдыұлының Алматы әуежайы аумағында ұсталғанын мәлімдеді.
«Иә, ол Алматы әуежайының аумағында ұсталды. Бұлтартпау шарасы әлі таңдалған жоқ. Оны сот анықтайды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп сөзін толықтырды Олжас Бектенов.
ПІКІР ЖАЗУ