Қазақстан Париждегі Паралимпиада ойындарын рекордпен аяқтады

Фото: instagram/kazparalympics

Қазақстан құрамасы Париждегі Паралимпиада ойындарын рекордтық 9 медальмен аяқтады. Командаға соңғы жүлдені дзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Қазақстан тарихындағы Паралимпиададағы ең сәтті өнер көрсетті. Өткен жолы қазақстандық паралимпиадашылар Токио ойындарында 5 медаль жеңіп алса, бұл жолы олар өткен нәтижеден едәуір асып түсті.

Екі спортшы паралимпиадалық чемпион атанды: Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг), Ақмарал Науатбек (пара дзюдо).

Үш қазақстандық спортшы күміс медальға ие болды: Еркін Ғаббасов (пара оқ ату), Нұрдәулет Жұмағали (пара жүзу), Ерғали Шамей (пара дзюдо).

Қола медальдарды: Дастан Мұқашбеков (пара жеңіл атлетика), Даяна Федосова (пара дзюдо), Зарина Раифова (пара дзюдо), Жұрқамырза Шүкірбеков (пара дзюдо) иеленді.

Айта кетейік, Паралимпиада ойындарының жабылу рәсімі бүгін, 8 қыркүйек күні Парижде жергілікті уақыт бойынша 20: 30-да өтеді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом