Қазақстандық дзюдошы паралимпиаданың жартылай финалына өтті

Фото: gov.kz

Парижде өтіп жатқан Паралимпиадада қазақстандық Жұрқамырза Шүкірбеков жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Отандасымыз J2 санаты бойынша 90 келіден жоғары салмақта күресіп, бразилиялық қарсыласы Сержио Фернандеспен кездесіп, айқын басымдық жеңіске жетті.

Енді жартылай финалда Жұрқамырза Шүкірбеков Грузия өкілі Реваз Чикоидземен өзара мықтыны анықтайды.

Бұған дейін парадзюдошылар арасында J1 санатында 73 кг салмақта өнер көрсеткен Ерғали Шәмей Париж Паралимпиадасының күміс жүлдегері атанған болатын. Сондай-ақ, Ақмарал Науатбек 48 келіде үздік шықты. Бұдан бөлек, 57 келіде Даяна Федосова қола жүлдеге қол жеткізді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!