Қаңтар қырғыны: Түпкі мақсат билікті күшпен басып алу

Бас прокурор Асылов қаңтар оқиғасында орын алған тың ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info порталы. 

«Бірінші толқын — бейбіт митингілер. Олармен полицияның ешқандай қақтығысы болған жоқ. Керісінше, билік бейбіт митингілер өткізуге мүмкіндік берді. Алайда содан кейін наразылық білдірушілер қатарына түрлі экстремистер қосылды, олар наразылықты радикал бағытқа бұрды. Олардың қозуына байланысты алғашқы қақтығыстар басталды. Бұл — екінші толқын. Үшінші толқынға қылмыстық топтар қосылды. Бұзақылық, өртеу басталды», — деді Асылов Мәжілістің жалпы отырысында.

«Яғни, біз экстремизм, қылмыс және діни радикализмнің ұштасқанын көрдік. Егер мемлекеттің шешуші әрекеттері болмаса, басқалар да осы толқынға қосылуы мүмкін еді. Түпкі мақсат билікті күшпен басып алу болды. Барлық әрекет келісілген сипатта болды. Жоспарланған акция бар», — деді бас прокурор.