Паралимпиданың екі дүркін чемпионы Давид Дегтяров мемлекеттен қанша сыйақы алады?

Фото: instagram.com/paraatletascub

Парижде өткен паралимпиадада алтын медаль жеңіп алып, паралимпиаданың екі дүркін чемпионы Давид Дегтяровтың қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

4 қыркүйекте пауэрлифтингтен 54 келі салмақ дәрежесінде финалға шыққан Давид Дегтяров алтын медельді қанжығасына байлады. Отандық спортшы зілтемірді 3 рет көтерді. Оның ішіндегі ең жақсы көрсеткіш – 188 келі болды.

Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған спортшыға 250 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі. Париждегі ойындарында қатарластарын шаң қаптырған Давид Дегтяров екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.