Апелляциялық сот педофил әрі кісі өлтірушінің өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Абай облысында апелляциялық сот кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс пен бала өліміне байланысты айыпталған 38 жастағы ер адамға қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін күшінде қалдырды.
Ер адам мас, жалаңаш күйде өзінің тоғыз жасар қызына азғындық әрекет жасады. Сондай-ақ төрт жасар баланы физикалық тұрғыдан қорлап, қинаған. 4 айдан бері көршісі үйіне қалдырып кеткен баланы өлтіріп, сөмкеге салып, дәретханаға тастады.
Сотталған адам мен оның адвокаты үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсіріп, баланы өлтіру және жыныстық сипаттағы әрекеттер бойынша ақтау үкімін шығаруды сұраған болатын. Алайда сот алқасы куәгерлердің айғақтарына, сараптамалар мен заттай дәлелдерге сүйене отырып, үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Ер адам 4 жасар балаға аса қатыгездік көрсетіп өлтіргені белгілі болды. Ол ішімдік ішіп, баланың басын қабырғаға ұрып, еш көмек көрсетпестен оны өлтірді.
Сот ер адамның кінәсі толық дәлелденгенін атап өтті, сондықтан шағымдар қанағаттандырылмады.
ПІКІР ЖАЗУ