Қарағанды облысында колледж директоры жылу қазандығына бөлінген қаржыны жымқырған

қаржы жымқырған
Фото: istockphoto.com

Шет агротехникалық колледжі директорының заңсыз әрекетінен бюджетке 16,9 млн теңге шығын келді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Аудан прокуратурасы «Шет агротехникалық колледжі» КММ-нің соңғы 3 жылдағы мемлекеттік сатып алуларының конкурстық құжаттарын тексерді.

«Талдау барысында колледж директоры жеке пайда табу ниетінде өзінің қызметтік бабын пайдаланып, мемлекетке 16,9 миллион теңге көлемінде шығын келтіргені анықталды. Атап айтқанда, 2022 жылы «Шет агротехникалық колледжі» КММ мен ЖШС  арасында блоктық қазандық жабдықтарын орнату туралы келісім бекітілген. Директор сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу арқылы заңсыз қосымша келісімге қол қойған», — деп хабарлады Қарағанды облысының прокуратурасы.

Салдарынан орнатылған қазандықтар техникалық талаптарға сай келмей, дұрыс жұмыс істемей қалған. Қазір ескі, тозған қазандықтар қолданылып жатыр.

Аталған фактіні аудандық прокуратура Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы (қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша тіркеп, Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жолдады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец