«Көзден жас бұрқ етті»: Жұлдыз Әбдікәрімова жылап қалды

Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Танымал актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғышының 11-сынып оқығанын көріп, жылап қалды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Өнер иесі жаңа оқу жылында әсерлі жазба жариялап, мектепке баратын оқушыларға сәттілік тіледі.

“Мидағы сан түрлі ойды арқалап, мектепке қарай қадамымды алшаң басып келемін. Әдеттегідей, қазір 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын (линейка) өтеді. Сосын ұстаздарды құттықтап, сынып сағатына қатысамыз да қайтамыз деген ойдан басқа баста дым жоқ) Күн суық, бұлт төнеріп тұр. Сезім 11-СЫНЫП оқушысы. Маған қарап, күлімдеп тұрған бойжеткен қыз – менің Сезімім. Уақыт қалай тез зымыраған? 1-сыныптан кейінгі он жыл қалай тез зырғып өткен?! Менің санам сені 11- сынып оқушысы ретінде қабылдауға дайын емес екен. Көзден жас бұрқ етті”, – деп жазды актриса.

Одан кейін өнер иесі қызына қолдау білдіріп, сәттілік тіледі.

“Қызым, мен сені Жаратқанның разылығы үшін, жандүниеммен жақсы көремін! Жолың ақ, өмірің мәнді, өрең биік болсын деп, қайталай бердім. Тамағыма келіп тығылған өксік не ары, не бері кетер емес… Осы күнге дейін санам, деңгейім, күшім, қауқарым жеткенше өзіңе жол-жөн көрсетуге тырысып келемін. Үнемі қолдауға, қорғауға бармын”, – деп тілек білдірді кинопродюсер.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!