Мейрамбек Бесбаев не үшін шетелге ұшып кеткенін айтты

Мейрамбек Бесбаев
Фото: Instagram.com / m_besbaev

“Музарт” тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев шетелге кетіп қалды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Өнер иесі шетелден сәлем жолдап, оқырмандарына алғыс білдірді.

“Достар, Ыстамбұлдан сәлем! Денсаулыққа абайлаңыздар! Денсаулыққа байланысты қаралып тұратынымды білесіздер. Бүгін Ыстамбұлға қаралуға келдім. Сіздерге де кеңес беремін! Денсаулықты күтіңіздер. Амандықта жолыққанша», – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, жақында өнер иесі денсаулығы сыр берсе де, кештерден қалуға болмайтынын айтқан еді.  “Revue News” бағдарламасының мәліметіне сәйкес, өнер иесі сырқаттанып тұрса да, өнердегі досы Ринат Зайытовтың жеке шығармашылық кешіне қатысқан. Айтыскер ақынның концертіне санаулы сағаттар қалғанда әншінің денсаулығы сыр берген. Өнер иесі күтіп отырған қалың көрерменді ескеріп, дәрігерлерден жарты сағатқа сұранып, поэзиялық кеште төбе көрсетті. Оның үстіне айтыскер ақын – әншінің ел аузында жатталған талай хит әндерінің авторы.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…