Көршіміз Түркіменстанда президент сайлауы болып өтті, деп хабарлайды ozgeris.info порталы.
Алдын-ала болжам бойынша президент Гурбангулының ұлы Сердар Бердымұхамедов 95% дауыс алған. Нақты нәтижелер енді жарияланады.
Бір қызығы Сердар дауыс беруге ескі “Жигули” көлігімен келіпті. Ол осылайша өзін қарапайым, халыққа жақын етіп көрсетпек болған екен, алайда бейресми ол елдегі ең бай тұлға саналады.
Осылайша 40 жастағы Сердар таққа жайғасты деуге болады.
ozgeris.info порталы
ПІКІР ЖАЗУ