«Жүргізуші тірідей өртеніп кетті»: БҚО-да жантүршігерлік жол апаты орын алды

жол апаты
Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты салдарынан ер адам көлікте тірідей өртеніп кетті, деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі mgorod.kz  порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 1 қыркүйек күні шамамен сағат 13.20-да Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тасжолында болған.

«Алдын ала болжам бойынша, Volkswagen Passat жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Subaru-мен соқтығысқан», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Жол апаты салдарынан Volkswagen жанып кетті. Салонда отырған жүргізуші де тірідей өртеніп кеткен. Ал Subaru-да отырған жолаушы оқиға орнында мерт болды.

Subaru-дың жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алған. Олар ауруханаға жеткізілді. Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...