“Күндердің күні туғанда”: «Қазақфильм» басшысы қызметінен босатылған Азамат Сатыбалды жазба жариялады

«Қазақфильм» басшысы қызметінен босатылған Азамат Сатыбалды жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Жаңадан туған қасқыр балаларына азық іздеуге шыққанда, аңшы бөлтіріктерінің тірсегін кесіп кетеді. Тірсегі кесілген бөлтірік дімкес болады, жатып ішер. Аузын ашып тамақ сұрай береді, одан басқаға шамасы жоқ. Анасы  тамақ тасумен әуре. Содан қозғалмай жатып  ішіп-жеп тойып алған қасқыр семіретіні анық. Күндердің күні туғанда. Аңшы асықпай келіп, терісін бұзбай, олжасын алып кетеді екен. Солааааааай…”, — деп жазды актер әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, Азамат Сатыбалды “Қазақфильм” киностудиясындағы даулы мәселеден кейін қызметінен кеткен болатын.