Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (№ 4) US Open екінші айналым матчына қатыса алмайды. Турнирдің ресми сайтында оның қарсыласы Джессика Понше (№ 143) келесі раундқа автоматты түрде өткені жазылған, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы US Open ресми сайтында, сондай-ақ ресми мобильді қосымшада ақпарат бар.
Рыбакина мен Понше осы түні екінші айналымда ойнауы тиіс еді. Осылайша, қазақстандық әйел кезекті рет жарыстан бас тартты. Себебі әлі айтылмаған.
Бұған дейін жарыстың үшінші айналымына тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева (№ 32) шыққан болатын.
ПІКІР ЖАЗУ