Астанада ер адам бұрынғы әйелінің үйінен техника ұрлаған, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұрлық жәбірленушінің пәтерінде болған. Ер адам бұрынғы жұбайының үйіне заттарын алуға келген. Алайда сол сәтті пайдаланып, жатын бөлмеге жасырын кіріп, құны 120 мың теңге тұратын Samsung Galaxy планшетін ұрлап, кейін оны сатып жіберген.
«Планшеттің жоғалғанын байқаған әйел дереу полицияға хабарласқан. Жедел іс-шаралар барысында Есіл аудандық Полиция басқарма қызметкерлері 44 жастағы ер адамды қолға түсірді», — делінген хабарламада.
Күдікті жасаған қылмысын мойындаған. Ұрланған планшет тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Фото: gov.kz
ПІКІР ЖАЗУ