«Туғанына 40 күн толғанда ажырасып едім»: Динара Қырықбаева қызының жаңа жасын тойлады

Фото: instagram.com/kyrykbayeva

Танымал әнші Динара Қырықбаева ажырасқан кезінде 40 күн ғана толған қызының туған күнін тойлады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесінің қызы 5 жасқа толып, туған күнін дүркіретіп тойлады.

“Айяға 40 күн толғанда ажырасып кеттік. Шынымды айтсам, қалай тез өсіп кеткенін байқамай қалдым. Мен үнемі даму үшін жұмыс істеп жүріппін. Өскесін сен мені түсінетін боларсың. Бүгін 5 жасқа толып жатыр. Сені жақсы көремін, қызым”, – деп жазды әнші.

Еске салайық, өнер иесі бұрынғы жолдасымен 5 жыл некеде болып, үш баланы өмірге әкелген еді. Дәм-тұзы жараспаған ерлі-зайыптылар 2019 жылы ажырасуға бел буады. Ол кезде Динараның кіші қызы қырқынан жаңа шыққан еді.