Енді елімізде бала туу жасы заңмен бекітіледі, деп хабарлайды Ozgeris.info.
15 пен 49 жас аралығындағы қыз-келіншектер «репродуктивті жаста» болып саналады. Бұл ұғым халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодексіне енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 42 жастан кейін қыз-келіншектердің босануы қиындайды. Мұны клиникалық тәжірибе көрсеткен. Жыл сайын репродуктивті клиникаға 49 жастан асқан 25-30 әйел жүгінеді екен. Бұл әйелдер 10-12 жыл бұрын қатырып қойған жұмыртқа клеткасын қолданады немесе экстракорпоральды ұрықтандыру жасайды. Өткен жылы ЭКО-ның қызметіне 28 әйел жүгініп, оның жартысы босаныпты.
ПІКІР ЖАЗУ