Танымал боксшы Жанқош Тұраров әлеуметтік желі мен БАҚ-та қызу талқыланып жатқан даулы мәселеге қатысты тағы да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Спортшы баспасөз конференциясын өткізбек.
«Маған қатысты сұхбат беріп жатқан адамның лайлы әңгімелері мүлдем қызық емес. Менің өмірлік ұстанымдарым, мақсаттарым мүлде басқа. Ақиқат орын алатынына сенімдімін. Соған байланысты менің заңды адвокатым баспасөз конференциясын өткізетін болып шешті», — деді ол әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, бұған дейін танымал қазақстандық боксшы Жанкош Тұраров «қыз зорлады» деген ақпарат тарады. Кейіннен Алматы қаласы Әуезов ауданының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалағаны айтылды.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр», – деп жазылған хабарлама.
ПІКІР ЖАЗУ