Ауыр атлетика: Алексей Ни спорттан өмір бойына шеттетілмек

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ни спорттан өмір бойына шеттетілмек, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Алексей Ни бас бапкер болған кезде Қазақстан допинг сынамасын қайта тексеріп, Олимпиаданың 5 алтынынан айырылған.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, Ни қазір спорттан уақытша шеттетілген.

«63 жастағы маман спорттан шеттетілген. 2017 жылы ХОК жанынан құрылған Халықаралық тестілеу агенттігі тараздық азаматты өмір бойына дисквалифицировать туралы ресми хабарлама жіберген. Осы атышулы іс бойынша ITA тергеуі қазір аяқталуға жақын», – деп хабарлады Қазақстан Республикасының ауыр атлетика федерациясы.

Сондай-ақ федерация Алексей Нидің жетекшілігімен ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеген ағасы Виктордың да жазаға тартылатынын айтты. Виктор Ни 4 жылға уақытша дисквалификацияланған.

Айта кетейік, қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Нижат Рахимов осы жүлделерді жеңіп алғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң алтындарынан айырылған болатын.

Фото: wfrk.kz