Алматыда 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау өтпейді

алғашқы қоңырау
Фото: wellness.co.ua

Алматылық оқушылар 1 қыркүйекте мектепке бармайды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Алматы қалалық әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова 1 қыркүйек демалыс болатынын айтты.

«1 қыркүйек демалыс күніне түскендіктен, балалар демалады. 2 қыркүйекте бәріміз мектепке барамыз», – деді әкімнің орынбасары.

Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай да мектеп оқушыларына арналған алғашқы қоңырау 2 қыркүйекте өтетінін атап өтті.

Бұл ақпаратты Алматы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі де растады.

Еске салайық, 1 қыркүйек жексенбіге сәйкес келгеніне қарамастан, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев алғашқы қоңырау дәл осы датада өтетінін айтқан еді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...