Ұзатылған қыздың жасауын құдаларға көрсету кезінде жасалған біртүрлі «қазақы ырым» әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Оzgeris.info.
Видео құдалықтардың бірінде түсірілген. Ата мен апа кілемді айнала отырған қонақтардың көзінше құрақ көрпенің үстіне жатып, құшақтаса кетеді. Осы сәтте әйелдердің бірі олардың үстіне көрпе жабады. Қариялардың бұл әрекетіне туыстары мәз-мейрам болады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Үлкендердің әдепсіз қылығы желіде қызуға талқыға түсті.
«Қазақта осындай ұятсыз ырым жоқ, болған емес. Ойдан шығарған ерсілік. Мынаны көріп тұрган кіші балалар не ойлайды? Арсыздар!!! Ақсақалдарымыз осындай болса, жетіскен екенбіз! Не болып кетті? Не істеп жатсыңдар, бауырлар? Ырым-салт мұндай емес еді ғой. Қазақтың салт-ғұрпын аяққа тастадыңдар ма? Күннен күнге төмен түсіп бара жатқан жоқпыз ба? Ұят қой мынау, масқара! Ақсақалдарымыздан да ес кетіп есер болған заман-ай. Мынау, не масқара, үлкендерден үлгі алар ештеңе қалмады. Жабайылық», — деп сынады желі қолданушылары.
Десе де қарттарға араша түскендер де табылды.
«Бұл бұрыннан бар ырым. Неге бәрің аспаннан түскендей масқара деп жазғансыңдар. Ешқайсына үйлеріңе көрпе-төсек бермеген бе? Қызына төсек апарып, құда-құдағиға бөлек апарып, осылай жатқызады, әзілдесіп, күйеулері жатпай, жеңгелері сүйреп әкеп жатқызып жатады. Қыздың дүниесін бергенде құда-құдағиды солай көрпешеге жатқызып, үстіне өздеріне арнап әкелген көрпені жабады», — деп пікір қалдырған халық.
ПІКІР ЖАЗУ