Туған жері Нұрбек Оралбайға тағы бір темір тұлпар мінгізді

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Париж Олимпиадасында күміс жүлде еншілеген қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайды Жамбыл облысының жұрты сән-салтанатпен қарсы алып, көлік мінгізді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Нұрбек Оралбай ыстық ықыласпен қарсы алған жұртшылыққа алғыс айтты. Оған су жаңа көлік кілті табыс етілді.

«Туған жеріміз Жамбыл облысына келдік. Ыстық ықыласпен күтіп алып, қолдап жатқандарыңызға рахмет. Үлкен белестер алда, мұнымен тоқтамаймыз. Келесі Олимпиада ойындарында Қазақ елін қуантамын деп ойлаймын», — деді Нұрбек Оралбай.

Айта кетейік, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілтін, ал жаттықтырушысы Асқар Еркебаевқа 10 млн теңгенің сертификатын табыстаған еді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом