Абай Бегейдің қызы енесіне қымбат сыйлық тарту етті

Коллаж: turkystan.kz

Танымал әнші Абай Бегейдің жақында ғана тұрмыс құрған, 16 жастағы қызы Сымбат енесіне құны 1,5 млн теңге тұратын алтын сағат сыйлады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Жас келін сыйлық берген сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

«Енеме тосын сый! Қашанда еңбектің бағаланғанын жақсы көремін. Өздеріңіз куәсіздер Мұстафа екеуміздің тойымызға енем бүткіл маңдай терімен жинаған малын шашты. “Қандай көйлектер киесің? Ұнатқаныңның бәәәрін ал, Ботам”-деп мені қуанту үшін барын салды. Сол үшін менде осы күнге дейін жинаған қаражатыма енемді қуантып алтын сағат сыйлайыншы дедім. Бұл менің шын жүрегімнен шыққан сыйлығым. Мамау, сағатыңыз тоқтаса да, уақытыңыз тоқтамасыншы. Мықты денсаулық ,ұзааақ ғұмыр тілеймін. Ал мен сіздің жаныңызда құттай бөпе болып еркелеп жүре берейінші»-деп жазды Сымбат.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ABAIKYZY SYMBAT❤️‍🔥 (@symbatabaikyzy)