Ақтөбе қаласының 9 тұрғыны «ҚТЖ – жүк тасымалы» ЖШС-на сот шешімімен 1,5 айдан кейін қайтадан қабылданды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
ҚР Жоғарғы соттың 2024 жылғы 21 тамыздағы ақпаратынша, қабылданған жұмыскерлермен бір жарым ай өткен соң, ЖШС атқаратын лауазымына сәйкес келмеуіне байланысты еңбек шарттарын бұзған (Еңбек Кодексінің 52-бабы, 1-тармағы, 4-1-тармақшалары).
«Сот талап қоюшылардың job.railways.kz. сайты арқылы жұмысқа орналасу кезінде, конкурсқа қатысу үшін барлық қажетті құжаттар және олардың кәсіби қабілеттерін растайтын құжаттар тапсырылғаны анықтады», – делінген Жоғарғы сот хабарламасында.
Сот тараптар берген дәлелдемелерді жан-жақты бағалай отырып, хаттамада талап қоюшыларды жұмыстан босатуға негіздер жоқ және бұл ЖШС басшылығы тарапынан немқұрайлылықты көрсетеді деген тұжырымға келді.
Осылайша, ЖШС тарапынан талап қоюшылардың Конституциялық еңбек құқықтары бұзылған. Сот жұмыстан босатылған қызметкерлердің лауазымдарын қалпына келтірді. Жұмыс берушіден әр талап қоюшы пайдасына 900 мың теңге шамасында мәжбүрлі бос жүрген уақыт пен моральдық зиян өтемақысы өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
ПІКІР ЖАЗУ