ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Талдықорғандағы №4 орта мектепте мұғалім мен оқушы арасында болған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ozgeris.info».
«Қай заманда болмасын азаматтарымыз үлкендерге, әсіресе ұстаздарға құрметпен қарайтын, оларды сыйлайтын. Үлкенді сыйлау, отбасы құндылығы, адалдық, инабаттылық, еңбексүйгіштік, білімге құштарлық, заңға бағыну және отансүйгіштік болашақ ұрпақты тәрбиелеудің негізі болуы керек. Бүгін мен №4 орта мектептің мұғалімімен телефон арқылы сөйлестім. Ол білім саласында 11 жыл бойы қызмет етіп келеді. Әріптесіме қолдау сөздер айтып, қажырлы еңбегі, шыдамдылығы мен адалдығы үшін алғыс білдірдім», – деп жазды Асхат Аймағамбетов Telegram арнасында.
«ozgeris.info»
Қайырлы күн. Бұл жағдайда оқушы артық кеткен. Бірақ мынадвй тағы бір жағдай бар бізде қалыптасқан. Мұғалім балаларды адамның орнына қоя бермейді. Ақырып, жекіріп, жағасынан тартып, көшеле айтылатын арзан сөзбен бала тәрбиелегісі келетін мұғалімдер де бар. Менің 15 жаста балам бар, оқушы. Сол бала арқылы көп еәрсе білемін. Қазір балалар бұрынғы совет заманының балалары емес. Ұрсып-жекіріп, елдің алдында табалап тәрбие бере алмайсың. Соны түсіңіздер, қазіргі балалардың ойлау қабілеті, дүниеге көзқарасы мүлдем бөлек. 5 жастағы баланың өзімен үлкен адаммен қарым-қатынас жасағандай қатынас керек. Осыны ескеріңіздерші, құрметті мұғалімлер қауымы. Сіздің алдыңызда жасы кіші болғанмен, ақылы , өмірге көзқарасы сізбен теңбе-тең тұлға тұр.
Асхат мырзаға алғысымды білдіремін! Көп рахмет, Алла қолдасын Сызды!
Мықты министр.Қолдаймын.✊🤝
Осы министр келгеннен бері көзіміз ашылды.Қағаздың, түрлі есептің астында қалғанбыз.Маңдайымыздың бағы.Тындырып жатқан істері көп.Мәселен эл.журналдың қағаз нұсқасын шығаруды тоқтаттық.Газет журналға мәжбүрлеп жазу тоқтады.Әліппемен қайта қауыштық.Жалақымыз да көтерілді….Жұмыс жүйелі жүріп жатыр.Онлайн оқытуды да меңгеріп алдық.Асхат Аймағамбетовтың әлі тындыратын жұмыстары көп.Сол істерді тәжірибелі ұстаздармен , ғалымдармен ақылдасып шешкені де ұнайды.Ауыл-ауылды аралайды.
Мен Асхат Аймағанбетовты қолдаймын. Нағыз минмистр, халқына жақын, білімді де білікті маман