Amanat партиясының мүшесі жеті жасар балаға азғындық жасады деген күдікке ілінді

Фото: Gov.kz

Amanat партиясы Ақсу аудандық филиалының басшысы Жақыпов Серікқан жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді.  Бұл туралы Оzgeris.info тілшісі Ақсу аудандық полиция бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлімет бойынша, сараптама 7 жасар балаға күш қолдану фактісін растады. Баланың анасы Ақсу аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазған.

Ақсу аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажет сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу шеңберіндегі басқа деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сай жарияланбайды”, – делінген хабарламада.

Amanat партиясының Жетісу облыстық филиалы Жақыповтың енді партияда жұмыс істемейтінін мәлімдеді.

«Аманат» партиясы Жетісу облысы Ақсу аудандық филиалының экс-басшысы 2024 жылдың 1 тамызында өз еркімен қызметінен кетті”, – делінген хабарламада.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей