Париж Олимпиадасында Атырау облысының қос дзюдошы Әбиба Әбужақынова мен Эсмигуль Куюловаға жерлестері Zeekr көлігін мінгізді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Сыйды демеушілер тарапы ұйымдастырып, облыс әкімі Серік Шәпкенов табыстады. Сондай-ақ Әбибиға 840 мың теңге тұратын көліктің нөмірі де тарту етілді.
Айта кетейік, Олимпиадада Әбужақынова 48 келідегі бесінші орын алса, ал Эсмигуль Куюлова алғашқы айналымнан әрі аса алмады.
Екі спортшы да Өзбекстан Республикасында дүниеге келген. Кейіннен тарихи отанына қоныс аударып, қазіргі кезде Атырау облысының намысын қорғауда.
Еске салайық, бұған дейін Әбибаға депутат Айдарбек Қожаназаров Kia Ceed көлігін сыйға тартқан.
ПІКІР ЖАЗУ