Бақтияр Артаев бокстан бас бапкер болуға лайықты адамды атады

Фото: shaiba.kz

Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев алғашқы жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековті бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ұсынды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

14 тамызда бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметінен босатылған еді.

«Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне дәл қазіргі кезде Нұрлан Ақүрпеков лайық», — деп жазды Бақтияр Артаев Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Нұрлан Ақүрпеков – Бақтияр Артаевтың алғашқы бапкері. Ол Артаевты 11 жасынан бастап боксқа баулып, жеке жаттықтырушысы да болды. Сондай-ақ бапкер Олжас Сәттібаев, Ғани Жайлауов, Әбілхан Аманқұл және т.б танымал боксшыларды жаттықтырған.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…