Тоқаевтың Олимпиада чемпиондарымен кездесуі кейінге шегерілді

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Олимпиада чемпиондарымен кездесуі кейінге қалды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Бұған дейін Президент Париж олимпиадасының жүлдегерлері мен жаттықтырушылар құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы сол күні олармен кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке қарай, спортшылар мен жаттықтырушылардың жартысында коронавирус анықталды, бұл кездесуді кейінге қалдыруға мәжбүр болдық. Барлығына тезірек сауығып кетуін тілейміз. Кездесу міндетті түрде тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр», — деді Берік Уәли.

Еске салайық, Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жеті медаль алды. Оның біреуі алтын, үшеуі күміс және үшеуі қола.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!