«Тұлпар үшін рахмет!»: Тағы бір жеңілген спортшы жылқы мінді

Фото: instagram.com/stories/sakenbibosinov

Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңіліп қалған боксшы Сәкен Бибосыновқа қазақстандық кәсіпкер тұлпар сыйлады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Сәкен Бибосынов өзіне берілген сыйлық туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Ол Азамат Аман есімді кәсіпкерге алғыс айтты.

«Азеке, тұлпар үшін рахмет! Сіз бізді әрқашан қолдайсыз, көмегіңізді аямайсыз. Алла пейіліңізге берсін», — деп жазды Бибосынов.

Азамат Аман Париж Олимпиадасында жүлде иелене алмаған тағы бір боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлына да жылқы мінгізіпті.

«Батырлар, біз үшін чемпионсыңдар. Тұлпарларың құтты болсын!», — деп жазды кәсіпкер Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, Париж Олимпиадасында 51 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Сәкен Бибосынов ширек финалда өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовтан жеңіліп қалды.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)